Қазақстандықтар көлігіне қалаған нөмірін таңдай алады

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар көлігіне қалаған нөмірін таңдай алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
None
None

«Нөмір белгілерінің кез келгенін өзіңе таңдап алуыңа болады. Егер жақсы нөмір қаласаң, оны да таңдай аласың. Дегенмен, бұл ретте төлем көлемі жоғары болады. Осыған орай салық кодексіне өзгерістер енгізу болжануда», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жақсы нөмірлердің құны халықаралық тәжірибеге орай бекітілмек.

Соңғы жаңалықтар