Қазақстандықтар коммуналдық қызметтер үшін 5 млрд. теңгеге жуық қарыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер үшін 5 млрд. теңгеге жуық қарызы бар.

Қазақстандықтар коммуналдық қызметтер үшін 5 млрд. теңгеге жуық қарыз

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев  айтты.

«2016 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 4 724,5 млн. теңгені құрайды. Алматы қаласының әкімдігі берешекті 1 323,6 млн. теңгеге төмендетуге қол жеткізді. Ең көп дебиторлық берешек мынадай өңірлерде сақталып отыр: Алматы қаласы  2 015,5 млн. теңге; Астана қаласы  957 млн. теңге; Қостанай облысы  382,0 млн. теңге; Оңтүстік Қазақстан облысы  290,0 млн. теңге; Шығыс Қазақстан облысы  280,0 млн. теңге», - деді ол.

Жалпы, министрдің айтуынша, жылыту маусымына дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр және тұрақты бақылауда тұр.

«Ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін барлық нысандардың жылыту маусымына дайындығын аяқтау және қуаты сағатына 100 Гкал дейінгі жылу көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз ету қажет екенін ескере отырып, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жылыту маусымына дайындық мәселесін тұрақты бақылауда ұстауға тиіс», - деп атап өтті Қ.Бишімбаев.