10:17, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтер үшін 8 млрд. теңге қарыз - Үкімет отырысы
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - 8 қазандағы жағдай бойынша коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешек 8 млрд. теңгені құрады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, 2011 жылғы 19 сәуірден бастап берешектің жалпы төмендеуі 10 пайызға жетіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Үкімет әкімдіктерге дебиторлық берешекті 50 пайызға төмендетуге тапсырма берген еді. Әкімдіктердің деректері бойынша осы көрсеткішке Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары қол жеткізе алды.
«Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тапсырманы ішінара орындады. Қалған әкімдіктер тапсырманы орындаған жоқ», - деп түйіндеді С. Нокин.