10:18, 16 Шілде 2017 | GMT +6
Қазақстандықтар Конституция күні және Құрбан айтта қалай демалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаз айының соңында-күздің алғашқы күндері қазақстандықтар екі мерекеге орай демалатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2017 жылға арналған мерекелік және демалыс күндергі күнтізбеге сәйкес , жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні биыл сәрсенбіге түсіп тұр. Сәйкесінше, қазақстандықтар бір күн ғана демалатын болады.
Ал Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні биыл 1 қыркүйек - жұмаға сәйкес келеді. ҚР Еңбек кодексінің 84-бабы 5-тармағында Қазақстандағы діни мерекелер демалыс күн ретінде белгіленген.
Осылайша, қазақстандықтар сәрсенбі күні демалып, бейсенбі жұмысқа шығады да, жұмадан бастап келесі дүйсенбіге дейін тағы үш күн тынығады. Демалыс күндерді ауыстыру қарастырылмаған.