Қазақстандықтар көрші қырғыз елінен жаппай әскери киім сатып алып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда әскери киімдерді жаппай сатып алып кетуде, деп хабарлайды «24.kg» ақпараттық агенттігі. Бұл ақпаратты Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдары растап отыр.

Қазақстандықтар көрші қырғыз елінен жаппай әскери киім сатып алып жатыр

Бұның алдында әлеуметтік желілерде «Бішкек пен Джалал-Абад базарларынан бір топ кісі әскери киімдерді жаппай сатып алып жатқандығы» туралы ақпарат тараған болатын. «Дереккөздердің мәліметтеріне қарағанда, бұл адамдар радикалды секталардың мүшелері. Бөлшек саудада 30 әскери киім жиынтығы сатылып кетуде, бұл шамамен бір рота», - делінеді хабарламада. Құқық қорғау органдары бұл ақпараттың жалған еместігін мойындауда. Дегенмен сатып алушылар радикалды топқа жатпайтындықтарын хабарлады. «Біздің ақпараттар бойынша, аталмыш киімдерді көрші Қазақстаннан келген аңшылар сатып алуда. Негізінен олар АҚШ әскерінің шығарылуына байланысты «Манас» базасының әскери қызметкерлері сатып жатқан америкалық формаларды әкетуде», - деп мәлім етті ведомство қызметкерлері.