Қазақстандықтар Мәскеудегі кәсіпқой бокс кешін тікелей эфирден көре алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Qazsport» телеарнасы 20 наурызда Мәскеуде өтетін кәсіпқой бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар Мәскеудегі кәсіпқой бокс кешін тікелей эфирден көре алады


Басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ресейлік Артур Бетербиев (15-0-0, 15 KO) пен үміткер, неміс боксшысы Адам Дайнес (19-1-1, 10 KO) кездеседі.

15 жекпе-жектің барлығын нокаутпен ұтқан Бетербиев шаршы алаңға ұзақ үзілістен кейін оралып отыр. Ресейлік боксшы соңғы рет 2019 жылдың қазан айында жұдырықтасып, украиналық Александр Гвоздикті техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал Адам Дайнес 2019 жылдың жазында қытай боксшысы Фаньлунг Мэнгке есе жіберіп, карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Кәсіпқой бокс кеші «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде 20 наурыз 23:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) басталады.