Қазақстандықтар медициналық мекемелерде дөрекілік пен ұзын-сонар кезектердің болмағанын қалайды - С.Тұрсынов

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - ҚР Үкіметінде Қазақстан Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті.
None
None

Бұл жолы кеңестік-ұсыныстық орган ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың денсаулығын сақтауға және білікті медициналық көмек алуға деген конституциялық құқықтарының қамтамасыз етілуіне қатысты қызметі қарастырылды.

«Мені толғандыратын бір мәселе: бізде, Қазақстанда қашан мықты медициналық диагностика пайда болады және медициналық мекемелерде мәдениетті қызмет көрсетуге қашан қол жеткіземіз?», - деп сауал тастады Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысына комиссия төрағасы Сағынбек Тұрсынов.

Ол атап өткендей, қазақстандықтар медициналық мекемелерде дөрекілік пен ұзын-сонар кезектердің болмағанын және әр адамға нақты уақыт белгіленіп берілгенін қалайды.

«Тағы бір көкейкесті мәселе - диагностиканың әлсіздігі, бір қаланың ішінде үш жерде дәрігерлер ауруға үш түрлі диагноз қояды», - деп атап өтті С.Тұрсынов.

Соңғы жаңалықтар