Қазақстандықтар Мемлекет басшысына өздерінің бастамалары туралы көптеп жазады - ҚР Президентімен «тікелей желі»

АНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Қазақстандықтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа өз бастамалары туралы көптеп жазады. ҚР Президентімен «тікелей желі» call-орталығында осындай үрдіс байқалуда.
None
None

Мысалы, Алматы қаласынан Владимир Долгов балалардың мамандандырылған кинотеатрларының мемлекеттік желісін жандандыруды, ал Әбдіқадыр Біләлұлы «Барыс елі» мемлекеттік мультфильмдер студиясын құруды ұсынады.

 Жалпы алғанда, ел тұрғындарын алуан-түрлі сұрақтар - спорттың аэроклубтық түрін дамыту, Қазақстандағы әсери-өнеркәсіптің перспективасынан бастап,  ойын аймақтарының қызметтеріне дейінгі мәселелер қызықтырады.

 Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының атына келіп түскен сұрақтардың саны 5 мыңнан асты. Халықты әлеуметтік қорғау саласы ең көкейкесті болып қалып отыр. Осы айдарда мыңнан астам сұрақтар тіркелді. Одан кейінгі орында тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы - осы салалар бойынша мыңға жуық қазақстандықтар сұрақтар қойған, сондай-ақ заңдардың және құқықтық тәртіптің сақталуы да назардан тыс қалмаған.

Белсенді аймақтар үштігінде Астана, Алматы және Алматы облысы бар. Call-орталығының операторлары барынша көп сұрақтар қабылдаған - олар 3 мыңнан асады. СМС-сұрақтардың саны 150-ден асты. Ресми сайт арқылы 1,5 мыңнан астам сұрақтар жіберілген.

Халықтық дауыс беру арқылы ең танымал делінген сұрақтарға ҚР Президенті Н.Назарбаев 2009 жылғы қарашаның 13-інде «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналарында, «Хабар», «Шалқар», «Қазақ радиосы», «Астана қаласының радиосы» радиоарналарында тікелей эфирде жауап беретінін естеріңізге саламыз.

Бұл уақытқа дейін әркім өз сұрақтарын республика бойынша бірыңғай +7 (7172) 555-777 телефон нөмірі арқылы қоя алады, KСеll, Beeline, Neo, Altel ұялы байланысты пайдаланушылар үшін 1111 нөміріне СМС-хабарлама арқылы жіберуге, www.line.gov.kz сайтының тиісті бөлімін пайдалана отырып Интернет бойынша әркім өз бейнесұрақтарын қоюына болады. Сонымен қатар, vopros@akorda.kz электронды мекен-жайға әркім өз сұрақтарын қоя алады.

Барлық байланыс арналары мүлдем тегін ұсынылады және еліміздің кез келген нүктесінен тәулік бойғы форматта қол жетімді болады. Сұрақтарды қабылдау үшін арнайы call-орталығы құрылған, оның қызметкерлері сұрақтарды қарашаның 13-ін қоса алғандағы күнге дейін қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар