Қазақстандықтар несие алуы үдетіп келеді

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның банк жүйесінде несиелердің де, депозиттердің де өсімі байқалады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 9 айындағы банктер берген несиелердің жалпы көлемі 7,7 пайызға өсіп, 9 трлн. 492 млн. теңгені құрады. Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозит көлемі 8 ай ішінде 6,4 пайызға көтерілді, ал халықтың банктерге салымы қаңтар-тамыз айларында 13 пайызға өсіп, 3 трлн. 118 млрд. теңгеге жетті», - деді Г. Марченко.

Ұлттық банк төрағасының сөзіне қарағанда, екінші деңгейлі банктердің активтері 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жыл басынан бергі аралықтағы 8 айда 3,5 пайыз өсім көрсетіп, 13,3 млрд. теңгені құраған. Сақтандыру ұйымдарының да активтері өсуде. Мәселен, олар 8 айда жыл басына қарағанда 12 пайызға артқан.

«Сонымен қатар, зейнетақы жинақтары да жыл басынан бері 12,7 пайызға өсті, әрі 3 трлн. теңгеден асып жығылды. Яғни бұл 20 млрд. АҚШ долларынан астамды немесе ЖІӨ-нің шамамен 10,5 пайызын құрайды деген сөз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар