Қазақстандықтар Норвегияда магистрлік бағдарламалар бойынша тегін оқи алады
АСТАНА. ҚазАқпарат -Норвегияның University of Stavanger халықаралық студенттерге ағылшын тілінде тегін магистрлік бағдарламалар ұсынады. Бұл туралы Болашақ хабарлайды.
Өтінім берудің мерзімі: 2019 жылдың 5 қаңтарынан 2019 жылдың 5 ақпанына дейін
Ағылшын тілінде магистрлік бағдарламалар тізімі
- Business and Management
- Health Sciences
- Humanities
- Music Performance
- Science and Technology
- Social Sciences
Әрбір мамандықта:
- қажетті құжаттардың тізімі;
- мамандықтың сипаттамасы мен деректемелері;
- жарамды пәндер тізімі және кредиттер саны;
- өтініштерді қабылдау мерзімі;
- университет қызметкерлерінің байланыс контактары және т.б. тізімдер берілген.
Қосымша ақпарат алу үшін:
zhusip@cip.bolashak.gov.kz
+7 7172 76 90 70