Қазақстандықтар оқ атудан Азия чемпионатында үш қола ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық спортшылар ирандық Тегеран қаласында аяқталатын ату бойынша Азия чемпионатында үш қола иеленді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстандық спорттық ату федерациясына сілтеме жасап.
Жастар арасында пневматикалық винтовкадан атуда командалық есепте Елизавета Пушкарева, Виолетта Старостина және Дарья Калинина 1222,4 ұпаймен қола медаль жеңіп алды. Турнирдің алтыны қытайлық спортшыға (1244,0 ұпай) бұйырды. Күмісті Бангладеш спортшысы (1227,5 ұпай) алды. Валерий Бабаков, Егор Егоров пен Елдар Иманқұлов 1640-27х ұпай жинап, пневматикалық тапаншадан оқ ату бойынша командалық есепте үшінші орынға ие болды.
1701-14х нәтижесімен Қытай спортшылары көш бастады. Екінші орынды жарыс иесі - Иран спортшылары (1647-33х ұпай) алды. Осы жаттығуда ерлер арасында тағы бір қоланы Қазақстаннан Дмирий Субоч, Рашид Юнусметов пен Максим Мазепа (1710-37х ұпай) ұтты. Азия чемпионы - 1729-51х нәтижесін көрсеткен үндістандық спортшыларда, қытайлықтар (1721-49х ұпай) күміс жүлдегер атанды.