Қазақстандықтар отбасылық кикілжіңдердің басты себебі ретінде алкогольді ішімдіктерді асыра ішуді атап отыр

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағытның бірі отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту болып табылады, жанұяның барлық мүшелерінің бостандықтары мен құқықтарын қорғауға бағытталған және тетіктерін құратын маңызды элемент.

Қазақстандықтар отбасылық кикілжіңдердің басты себебі ретінде алкогольді ішімдіктерді асыра ішуді атап отыр

Осыған орай отбасылық зорлық-зомбылық мәселелерін зерттеу жұмыстары бойынша жұмыстар атқарылуда. Мысалы, ағымдағы жылы Ішкі істер министрлігі құрастырған әдістеме бойынша әр түрлі облыста отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалатын зорлық-зомбылықтың әдістерін, түрлерін, деңгейін анықтау үшін әйелдер арасында сауалнама алынды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен.

Сауалнаманы ІІМ Академиясы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау барысында ІІО-ның қызметін ұйымдастыру жөніндегі ішкі істер органының бөлімше инспекторлары жүргізді.

Барлық алынған 30 мың респонденттер, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінен және дағдарыс орталықтарынан көмек сұраған немесе кеңес алу үшін хабарланғандар, ішкі істер бөлімдеріне әкелінген сәтсіз отбасылар, профилактикалық есепте тұрған отбасыда жанжал шығарушылар, ата-анасы құқығынан айырылғандардың балалары, оның ішінде әйелдер мен балалар.

Зорлық-зомбылықтың болу себептері респонденттердің ойы бойынша: қызғаншақтық-- 24,7%, маскүнемдік - 23,7%, келіспеушілік - 7%, мүліктік даулар (материалдық) - 33,8%, басқалардың отбасылық өмірге араласуы - 10,3%, басқадай - 0,5% болып табылды.

Отбасылық жанжалдардың себебінің 83,1% спирттік ішімдіктерді асыра ішу.

Алынған нәтижелер көрсеткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ықпал ету факторының бірі сәтсіз отбасылық жағдай, отбасыдағы ауыр материалдық-тұрмыстық жағдай және ата-ананың денсаулық жағдайы, сонымен қатар ата-ананың ішімдікті зиян түрде пайдалануы.

Зерттеу зорлық-зомбылықтың тек әйелдер мен балалар арасында емес, сонымен бірге еркектер мен қарттар арасында кездесетінін де көрсетті және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында зорлық-зомбылықтың алдын алуға және ескертуге жаңа әдістерді ойластыруға ықпал етті.