Қазақстандықтар Президент Әкімшілігіне қандай мәселелермен келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдауы кезекті азаматтарды қабылдау күнін өткізді. Жұмысшы топ 71 адамды қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстандықтар Президент Әкімшілігіне қандай мәселелермен келеді

«Өңірлер бойынша қаралған өтініштердің саны жөнінен Нұр-Сұлтан алда келе жатыр. Елордадан 36 өтініш келген. Алматы қаласынан 9 өтініштен, ал қалған облыстардан 1-3 өтініштен түскен» делінген Қоғамдық қабылдаудың Telegram каналында.

Белгілі болғандай, адамдар көбінесе жергілікті атқарушы органдардың (27), сот қызметінің (16), құқық қорғау органдарының және Еңбек министрлігінің (7-ден), сондай-ақ, Ұлттық банктің, Денсаулық сақтау және әділет министрліктерінің (7-ден) жұмыстарына қатысты сұрақтар бойынша жүгінген.

«Сондай-ақ, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы әкімдіктерінің өкілдерімен селектрлік байланыс орнатылды. Үндеулердің басым көпшілігі Президент Әкімшілігінің қатаң бақылауына алынды», - деп мәлім етті Қоғамдық қабылдау.

Автор: Ақбота Күзекбай