Қазақстандықтар Ресей халқына әуе апатына байланысты көңіл айтуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Ресей елшілігінің алдына гүл әкеліп жатыр. Астанадағы елшіліктің алдындағы столға гүл қойып кетіп жатыр.
None
None

Осыған дейін Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге Қорғаныс Министрлігі ұшағының апатқа ұшыруына байланысты көңіл айтқан болатын. Ресей президенті Владимир Путин 26 желтоқсанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Осы оқиғаға байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы көңіл айтты.

«Адамдардың апаттан мерт болуы қашанда қайғылы. Ал, осы жолы болған оқиға ерекше ауыр тиіп отыр. Апатқа ұшыраған ұшақта мерт болған азаматтардың барлығы қалың көпшілікке жақын таныс және көпшілігі елдің сүйктісіне айналып үлгерген жандар еді. Құрбан болғандардың көпшілігі әлемге әйгілі Александров ансамблі хорының қатысушылары. Бұл ғасырға жуық тарихы бар теңдессіз әскери-музыкалық ұжым. Бұл қандай болмасын қиын-қыстау күндерде, тіпті соғыс ошақтарына барып та жауынгерлерді қолдап, қолпаштап жүрген танымал ұжым. Ансамбль мәдени дипломатиямен айналысты. Олар қалың көпшілікке бар жан-тәндерімен өнер көрсетті. Бұл орны толмас қаза»,-деп жазды ол.


Осыған дейін хабарланғанындай, РФ қорғаныс министрлігінің Ту-154 ұшағы Сочиден Сирияға ұшып шығып, 25 желтоқсан күні Қара теңіз аймағында апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 92 адам болған.

null null 

Соңғы жаңалықтар