Қазақстандықтар Ресейде өткен «Жыл менеджері» конкурсының лауреаттары атанды

АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат - «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингінің басқарма төрағасы Ерлан Байжанов ресейлік «Жыл менеджері-2008» конкурсының Жыл менеджері атанды.

Қазақстандықтар  Ресейде өткен  «Жыл менеджері»    конкурсының  лауреаттары атанды
Е.Байжановтың кандидатурасын «Халықаралық ынтымақтастық» аталымы бойынша, ол өзі 2004 жылдан бері мүше болып табылатын Еуразиялық телеарна және радио академиясы ұсынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін тағы бір қазақстандық - Экономикалық зерттеулер институтының президенті, Ресейдің Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Серік Нөгербеков те марапатталды. Қазақстандықтар алғаш рет осынау беделді конкурстың жеңімпазы атанып отыр. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі бүгін Мәскеуде «Президент-Отельде» өтеді. Конкурстың негізгі мақсаты ? экономиканы басқарудың тиімділігін арттыру, басқарушы элиталарды анықтау, бизнестің түрлі саласының басшыларының алдыңғы қатарлы тәжірибелерін тарату, олардың еңбектерін қоғамға таныту болып табылады. Конкурс 1997 жылдан бері Халықаралық Менеджмент академиясы мен Ресейдің Ерікті экономикалық қоғамының ұйытқы болуымен өткізіліп келеді.