Қазақстандықтар Ресейде панкратионнан әлем чемпиондары атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Alem Fighters» жекпе-жек клубының жас спортшылары Калининградта қазiргi заманғы панкратионнан өткен әлем бiрiншiлiгiнiң жеңiмпаздары атанды.
«Қазір ғана інілеріміз Ресейде Панкратионнан Əлем чемпионы болды. Əй бауырларым жарайсыңдар!», - делiнген клубтың Instagram-дағы парақшасында.
Турнирде 14 елден жүздеген спортшы қатысты. Әлем чемпионаты үш күн өттi. 28 қарашада басталған дода екi жас категориясында және үш тәртiп бойынша өткiзiлдi. Қатысушылардың жасы 14-19 жас аралығында.