09:56, 30 Тамыз 2015 | GMT +5
Қазақстандықтар Сараеводағы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында үш медальға ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сараевода кадеттер арасындағы әйелдер күресі бойынша әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асылзат Сағымбай финалда ресейлік Екатерина Михайловадан жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.
Бұған дейін екі қазақстандық Марина Закшевская (49 кг) мен Лаура Әлмағанбетова (38 кг) қола медальға ие болған еді.