Қазақстандықтар стенд атудан әлем кубогінде «күміс» алды

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде стенд атудан Қазақстан командасы аралас сында күміске қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар стенд атудан әлем кубогінде «күміс» алды

«Аралас скит» жаттығуы бойынша ел намысын Ольга Панарина мен Александр Ещенко қорғаған болатын. Олар шешуші кезеңде Үндістан командасына 29:33 есебімен жол берді. Қола медальді Үндістанның екінші құрамы иеленді.

Айта кетелік, кеше Қазақстан әйелдер құрамасы командалық «скиттен» алтын, ерлер командасы қола жүлдегер атанды.