Қазақстандықтар сүйікті сусыны үшін артық ақша төлеп жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы шай мен кофенің жылдық өндірісі 36,4% артқан, алайда бағасы да көрсеткішпен қатар өсіп келеді. Көктемде бір келі шайдың құны 2,84 мың теңгені құраған, деп хабарлады energyprom.kz .
None
None

Қаңтар айында шай мен кофе өндірісі 1,97 мың тоннаға жетті - бұл өткен жылдағы дәл осы кезеңмен салыстырғанда  36,4% көбірек. Бірақ, тауар бағасы арзандар емес. Өндірістің басым бөлігі Алматы қаласына (90,4%) тиесілі - 1,78 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41%-ға көбірек.

Өткен жылдың күзінде оңтүстік астанада «Tea House» ЖШС түйіршікті шайын өндіру және бөлшектеп өлшеу бойынша 500 миллион теңгеге жаңаратылған цех іске қосылды. Ол индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында жаңғыртылды. Одан бөлек, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпорын ішінара жабдық алуға несие бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялауға қол жеткізді. Бұл өндіріс қуатын 20% арттыруға мүмкіндік берді.

Енді «Tea House» өндірісті айынша 600 тоннадан 720 тоннаға дейін ұлғайтты, бұл Қазақстан шай нарығының 40% үлесін құрайды. 300-ден астам қызметкер жұмыс істейтін кәсіпорын Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Моңғолияға тауар экспорттайды.

2017 жылы қаңтар айында өндірілген өнімнің тағы 7,2% Алматы облысының компаниялары қамтамасыз еткен. Бұл аралықта өндірілген 142 тонна өнім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 77,5%  көп. 

Соңғы жаңалықтар