14:37, 28 Шілде 2020 | GMT +6
Қазақстандықтар тамыз айында 11 күн демалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар тамыз айында 11 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тамыз айының 30-ы күні жылдағыдай Конституция күні аталып өтеді. Осы жылы 30 тамыз жексенбіге келетіндіктен мерекелік демалыс 31 тамызға тұспа-тұс келеді. Қалған 10 күндік сенбі-жексенбі күндерімен есептегенде қазақстандықтар тамыз айында 11 күн демалады.
Яғни, осы айдың соңына қарай қазақстандықтар қатарынан үш күн – 29, 30 және 31 тамыз күндері демалады. Осылайша, биылғы жаз үш күндік демалыспен аяқталады.