Қазақстандықтар тарифті қалыптастыруға қатыса алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұтынушылар қоғамдық бірлестік құру арқылы тариф қалыптастыруға қатысады. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Парламенттің 4-сесссиясында қойған міндеттерін талқылауға арналған Парламенттегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысында депутат Нұртай Сабильянов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мәжіліс депутатының айтуынша, табиғи монополия саласындағы инфрақұрылымды жаңарту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру туралы міндеттерді шешу Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті қарастырып отырған «Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңы жобасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл жоба табиғи монополиялар аясында әкімшілік кедергілерді азайту, сондай-ақ монополистерді, олардың қызметтерінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін ынталандыруды көздейді.

«Осы мақсатта заң жобасы ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін монополистердің қызметін реттейтін ынталандыру әдістерін кезең-кезеңімен енгізу, тарифтік саясат туралы кеңес құру, сонымен бірге тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруды көздейді. Яғни, тарифті белгілеу кезінде біздің тұтынушылар қоғамдық бірлестік құрады және жария түрде тыңдау болады. Сол арқылы тарифтің қалыптастырылуына өз үлестерін қосады. Сонымен қатар бұл заңның тағы бір ерекшелігі табиғи монополиялар субъектілері мен тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері нақтыланып, белгіленіп отыр. Қазақстанда 1225 табиғи монополия субъектісі тіркелген. Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қатыстысы - 779. Яғни, олар  1386  қызмет түрін көрсетеді», - деді Нұртай Сабильянов.

Соңғы жаңалықтар