Қазақстандықтар тарихқа өз үлестерін қоса алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні еліміздің тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі ашылды.
None
None

Қазақстандықтардың көпшілігінде сақтаулы тарихи, мәдени және ғылыми құндылыққа ие құжаттар мен заттар бар. Бұл орайда, кез келген ел азаматы еліміздің тарихи мұрасын сақтауға үлес қосып, музейдің экспозициясын толтыру мүмкіндігі бар. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгінде музейдің коллекциялық қорында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында ерекше мәнге ие болып отырған көне дәуірден қазіргі уақытқа дейін қазақ халқының әскери тарихы мен мәдени ескерткіштерін сипаттайтын сирек жәдігерлер бар. Әскери-тарихи музейдің ашылуы Елбасының ерекше қолдауының арқасында және әскерилердің, ғалымдардың, тарихшылардың, археологтар мен мәдениет қайраткерлерінің жан-жақты шығармашылық, зерттеу жұмысының нәтижесінде мүмкін болды.

Соңғы жаңалықтар