Қазақстандықтар «Тайланд ханшайымы кубогы» XV Халықаралық турнирінде екінші орынды еншіледі

АЛМАТЫ. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық волейболшылар Накхонратшасима қаласында өткен «Тайланд ханшайымы кубогы» XV Халықаралық турнирінде ақтық сында ғана жарыс қожайындарына есе жіберіп алды,

Қазақстандықтар «Тайланд ханшайымы кубогы» XV Халықаралық турнирінде екінші орынды еншіледі

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Маусымның 11-і күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсекеде ел намысын Нелли Щербакова жаттықтыратын Талдықорғанның "Жетісу" клубы қорғаған болатын. Олар іріктеу кезеңінде "А" тобында Индонезия (25:19, 25:15, 25:11) мен Тайпей (25:12, 25:13, 25:17) спортшыларын ұтып, жарыс қожайындарына (25:16, 25:18, 30:28) есе жіберді. Одан кейін ширек финалда Перудің жастар құрамасын 3:0 (25:11, 25:13, 25:20), ал жартылай сында Қытайдың "Sichuan" командасын 3:1 (20:25, 25:21, 25:15, 25:17) есебімен ұтып, ақтық финалға шықты. Онда жарыс қожайындарының "Federbrau" командасына тағы да 1:3 (24:26, 23:25, 29:27, 13:25) есебімен есе жіберген "жетісулықтар" екінші орынға ие болды. Ал үшінші орын үшін болған ойында «тайпейліктер" қытайлық құрдастарынан 3:2 есебімен басым түсті.