12:27, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Қазақстандықтар тегін қоңырау шалуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасап шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жасақтаушылар смартфондар мен планшеттерге арнап, 3G немесе WiFi арқылы тегін қоңырау шалуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасап шығарды, деп хабарлайды «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ баспасөз қызметі.
«Дауыс сапасы смартфондағы интернеттің сапасына байланысты. Viber қосымшасында екі сөйлесушінің де 3G немесе WiFi сапасы жақсы болуы шарт, біздің қосымшаға тек бір сөйлесушінің интернет байланысының сапасы жақсы болса болды», - дейді жасақтаушылардың бірі Қайрат Ахметов.
Оның айтуынша, қосымшада байланс сапасын көрсетіп тұрады. Пайдаланушылар оның деңгейін анықтап, өзіне қажетті сапаны реттей алады. Қосымша арқылы интернеттің 32 кбит/с жылдамдығының өзінде GSM негізінде қоңырау шалғанмен бірдей сапада сөйлесуге болады.