Қазақстандықтар ТМД елдері арасында өткен Әскери-спорт ойындарында үшінші орынды еншіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде өтіп жатқан ТМД елдері арасындағы Бірінші әскери-спорт ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан армиясының құрама командасы жарыста үшінші орынды иеленді. Біздің әскерилер барлығы 47 медаль - 7 алтын, 16 күміс және 24 қола жеңіп алып, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения елдерінің спортшыларын артта қалдырды Алғашқы әскери-спорт ойындарында Қазақстанның атынан ҚР ҚМ Армияның орталық спорт клубының атақты әскери спортшылары шықты. Суда жүзу, дзюдо, қоян-қолтық күрес, кір спорты, офицерлік үшсайыс және штаттық қарудан оқ ату бойынша сайысқа түскен біздің сарбаздар жүлделі орындарды жеңіп алды.

Жарысқа алты елден барлығы 300-ден астам әскери қызметші қатысты. Бірінші орынды ресейдің атлеттері, ал екінші орынды - Белоруссия армиясының құрамасы жеңіп алды. Ертең, 1 тамыз күні Халықаралық армиялық ойындар басталатынын айта кеткен жөн. Қазақстан осы ауқымды шара аясында үш түрлі сайысқа қатысады. Атап айтқанда, олар «Танк биатлоны», «Авиадартс» және «Каспий теңізі» (теңіз биатлоны). Сондай-ақ 1-15 тамыз аралығында біздің 20 танкіші Мәскеу облысына қарасты «Алабино» полигонында өтетін 13 мемлекет өкілдерімен бірге шеберліктерін сынайды. Дәл осы уақытта Рязань, Сызрань және Липецк қалаларының әуеайлақтарында Миг-29, Су-25, Су-27 және Ми-8 қазақстандық ұшу экипаждарының қатысуымен «Авиадартс» өрістетіледі. Ал Ресейдің Каспийдегі акваторияларында бұл сәтте «Сарыарқа» және «Орал» зымыранды-артиллериялық кемелерінде ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери теңізшілері және «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлерінен құралған бригадасы теңіз биатлонының жүлделі орындары үшін сайысқа түсетін болады.

Соңғы жаңалықтар