Қазақстандықтар тұрғын үйлердің құрылысын «Е-Құрылыс» жүйесі арқылы онлайн бақылай алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын «Е-Құрылыс» жүйесі арқылы онлайн бақылай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты.

«Бүгінде құрылыс саласында 46 476 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде құрылыс материалдары өндірісінде 2 472 кәсіпорын бар. Жұмыспен қамтылғандар – 641 мың жұмыскер мен маман.

Біз жұмыс орындарын сақтау және ұлғайту жөніндегі саясатты одан әрі жалғастырамыз», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол тұрғын үйдің қымбаттауына жол бермеу бағытындағы шараларға тоқталды.

Айтуынша, министрлік сол үшін үш бағытта жұмыс жүргізіп жатыр:

Біріншісі - құрылыс саласын цифрландыру.

Екіншісі - баға белгілеу жүйесін жетілдіру және құрылыстағы бақылауды күшейту.

Үшіншісі - құрылыс материалдары өндірісін дамыту.

«Құрылыс саласын цифрландыру бойынша «Ақпараттық модельдердің мемлекеттік банкі» енгізіліп жатыр. Ол құрылыс объектілерін онлайн форматта, оның ішінде ақпараттық модельдеу технологияларын (BIM-технологиялар) қолдана отырып модельдеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде «Е-Құрылыс» жүйесі онлайн-режимде қазаншұңқыр қазудан бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдегі құрылыс процесін бақылауға мүмкіндік береді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар