Қазақстандықтар тұтынатын энергиядағы баламалы қуат көзінің пайыздық мөлшері қандай?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл сұраққа бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«2016 жылдың нәтижесі бойынша баламалы энергияның үлесін 1 пайызға жеткізген болатынбыз. Жалпы, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш біздің болжам бойынша 3 пайызға, 2050 жылға қарай 50 пайызға жетеді деп ойлаймыз. Осы жұмыстарды нақты жолға қою үшін ең бастысы аукционды әдіске көшуге күш салып жатырмыз. Неліктен? Себебі, соңғы 4-5 жылда баламалы энергияның құндылығы 4-5 есеге азайған болатын. Сондықтан, үлкен ірі компанияларды тарту мақсатында Қазақстанда аукцион жасауды жоспарлап отырмыз. Ол тез жасалмайды. Бұл - алдағы 2 жылдың жұмысы», - дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Еске сала кетсек, бүгін ОКҚ-да ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев пен «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин 7-8 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» көрмесін қорытындылайтын ХІ Еуразиялық «KAZENERGY» форумы өтетіні туралы айтқан болатын. Ол жиынға Бірікккен Араб әмірліктері, Исландия, Боливия, Грузия, Финляндия елдері мен Дүниежүзілік мұнай кеңесінен өкілдер келеді.

Соңғы жаңалықтар