Қазақстандықтар тұтынатын шоколадтың 55 пайызы шетелден әкелінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 10 айында Қазақстанда 75,7 мың тонна шоколад және кондитерлік өнім өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар тұтынатын шоколадтың 55 пайызы шетелден әкелінеді

Ұлттық статбюро таратқан мәліметке сенсек, импорт үлесі - 93,4 мың тонна тәтті.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға артық.

Сырттан әкелінген өнімнің үлес салмағы 55,2% құрады.

10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 140,2 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім сатылды.

Бұл ретте экспортқа 28,9 мың тонна тәтті жіберілді.