Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында бес күн демалады

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда Наурыз мемлекеттік мереке болып табылады.

Қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында бес күн демалады

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына сәйкес, елімізде Әз Наурыз мейрамы үш күн - 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. Биыл наурыздың 23-і сенбіге тұспа-тұс келгендіктен, мереке күні дүйсенбі - 25 наурызға ауыстырылады.

Сондай-ақ 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі күні жұмаға тұспа-тұс келеді, осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.