Қазақстандықтар ұшақ бортында диктант жазуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - «S7 Airlines» әуе компаниясы 3288 әуе рейсінің жолаушылары ұшақ бортында «Жаппай диктант» науқанына қатыса алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі шара ұйымдастырушыларына сілтеме жасап. 
None
None

«8 сәуір күні S7 «Алматы - Новосібір» рейсінің жолаушыларына ұшу кезінде өз сауаттылықтарын тексеріп көру ұсынылады. Барлық тілек білдірушілерге қағаз бен қалам және ұйқыдағы жолаушыларға кедергі келтірмеу үшін құлаққаптары бар гарнитура беріледі. Ұшудан кейін жазылған жұмыстар алматылық штабқа - «Тұран» университетіне тексеруге жіберіледі. Ал бағаны «Жаппай диктант» сайтынан көруге болады», - делінген хабарламада.

Дәл осындай акция Көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада да ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар