Қазақстандықтар үстел теннисінен Черногориядағы турнирде өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар үстел теннисінен Черногорияның Подгорица қаласында өтетін WTT Youth Star Contender турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, жарыс 11-15 сәуір аралығында өтеді.

Айтулы додада қарағандылық Алан Құрманғалиев (Қарағанды, әлемдік рейтингте №11, 19 жас) және Сарвиноз Миркадирова (Шымкент, №30) өнер көрсетеді.

Оларға жас ерекшеліктеріне қарай мына спортшылар қарсылас атанбақшы: Као Ченг-Джуй (Тайбэй, №3), Эдуард Ионеску (Румыния, №4), Хьюго Дешам (Франция, №6), О Джун Сун (Корея, №7), Чан Ю-Ан (Тайбэй, №8), қыздар Ли Дэун (Корея, №5), Павад Притика (Франция, №7), Аннетт Кауфманн (Германия, №8), Чен Пусуань (Тайбэй, №9), Цинь Юйсюань (Қытай, №11).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алан Құрманғалиевтің Португалиядағы турнирде алтын алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар
Референдум