Қазақстандықтар ұялы қосымшалардың көмегімен ЖҚС-ынан сапалы бензинді таба алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қолжетімді бағаға сапалы бензинді енді ұялы қосымшалардың көмегімен табуға болады.
АЗС KZ бағдарламасы пайдаланушыға сапалы бензин сататын маңайдағы май құю стансаларын көрсете алады. Сонымен бірге, қосымша ЖҚС-ындағы бензинге бағалардың ең тиімді нұсқасын көрсетеді.
Қосымша тегін және Android операциялық жүйесіне сәйкес келеді.
«Қосылған интерактивтік навигатор кез келген стансаға ең оңтайлы жолбағытты тауып береді», - деп әңгімеледі қосымшаны жасаған Бақытжан Байтасов.
Жаңа құрылғының ерекшелігі - көптілділігі. Онда қазақ, орыс және ағылшын тілдері қолданылады. Сондай-ақ ЖҚС-ны бағасына, брендіне, қашықтығына және басқа өзгешеліктеріне қарай сұрыптайды.