Қазақстандықтар Юпитер мен Венераның жақындауын бақылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар мен бүкіл жер шарының тұрғындары кейінгі бірнеше түн Юпитер мен Венера ғаламшарларының жақындағанын бақылауға мүмкіндік алды. Алматының кешкі аспанындағы бұл құбылысты ҚазАқпарат фототілшісі де түсіріп алды.
None

2 наурызда күн батқаннан кейін батыс көкжиектен бір жұп планета байқалды. Бұл күні Юпитер мен Венера бір-бірінен жарты градус қашықтықта болды.

«Ең жарық екі ғаламшар – Юпитер мен Венера (Шолпан) аспанда бір уақытта, бір жерде кездесті. Олар күн батқаннан кейін аспанның батыс бөлігінде байқалды. Кейбір адамдар оны аспандағы жұмбақ жарқыраған шарлар деп сенсация жасады. Бірақ, мұнда ерекше ештеңе жоқ. Иә, аспандағы екі планетаның бір-біріне жақын болуы – өте сирек кездесетін құбылыс. Шын мәнінде, Юпитер Күннен Жерге қарағанда әлдеқайда алыс орналасқан, ал Венера керісінше, Жерге қарағанда Күнге жақын. Кейде аспанда олар бір бағытта болуы мүмкін», - деді В. Фесенков атындағы астрофизикалық институттағы Ай мен планеталар физикасы зертханасының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Виктор Тейфель.

Ғалымның айтуынша, ғаламшарлардың жақындасуы – өте сирек кездесетін құбылыс. Әрбір планета Күннен белгілі бір қашықтықта орналасқан және өз осінде, өз жылдамдығымен айналады.

«Кейде бір уақытта бірнеше ғаламшар жақындайды. Бірақ, олар қатар емес, аспанда бір-бірінен біршама қашықтықта және шын мәнінде олар өте алыс», - деп түсіндірді ол.

«Планеталардың бір-біріне жақындауы ұзаққа созылмайды. Юпитер өте баяу қозғалады, бір жылда аспан бойынша шамамен 30 градусқа жылжиды, ал Венера Күнге жақын, ол өте жылдам қозғалады және Күннен алыстайды. Ол біраз қашықтыққа кетіп, тіпті Юпитерді басып озады, содан кейін олар алшақтайды. Юпитер бірте-бірте Күннің артына кетеді, ал Венера да біраз қашықтыққа жылжиды, кешкі аспанда азырақ жарқырайды, содан кейін жарты айналым жасау үшін Күнге қайтадан жақындайды және күн сәулесінде жоғалады, содан кейін ол өтеді. Жер мен Күннің арасында біз оны көрмейміз. Өйткені, ол Ай сияқты ораққа айналады және біз оны Күн фонында көре алмаймыз», - деді Виктор Тейфель.

Айтуынша, аспандағы Венера Күннен әзірге алыстамайды – 45 градуста. Содан кейін ол Күнге қайта оралады және оны таңертең күн шыққанға дейін байқауға болады.

«Екі планетаның байланысын барлық жерде байқауға болады, мұнда ерекше ештеңе жоқ. Астроном үшін бұл – оқиға емес. Мысалы, Ай немесе Күннің тұтылуы қазірдің өзінде оқиға саналады. Аспандағы 2-3 планетаның жақындауы әдемі құбылыс қана. Әдемі көрініс. Сосын олар тарайды, былайша айтқанда әр планета өз жолымен жүреді», - деді ғалым.

Виктор Тейфель планеталардың түйісуі жер шарына қауіп төндірмейтінін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар