Қазақстандықтар заңсыз алкоголь өнімдерін смартфонның көмегімен тексере алады

«2014 жылы алкоголь өнімдерінің айналымы тұрғысынан заңнама оңтайландырылды. Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту мақсатында заң жобасында смартфондар мен планшеттерді пайдалана отырып алкоголь өнімдері нарығында субъектілерге алкогольдік түпнұсқалығын дербес сәйкестендіру құқықтарын беру нормаларын енгізу қарастырылған. Заң жобасын 2016 жылы іске асыру жоспарланған», делінген хабарламада
Бұл мәселені шешу үшін комитет Wipon (Вайпон) компаниясымен заңсыз алкоголь өнімдерін анықтауға арналған мобильді қосымшасын іске қосты. iOs, Android және Windowsphone үшін Wipon атты қосымшаны жүктеуге болады. Акциздік маркалар сканерленгеннен кейін қосымшада алкоголь өнімдерінің түпнұсқалығын туралы ақпарат көрсетіледі. Барлық ықтимал заңсыз тауарлар туралы мәліметтер бар сканерленген деректер нақты уақыт режімінде комитетке жіберіледі, бұл ведомствоның ішкі ресурстар шығындарын азайтуға және кіріс деректерін өңдеу процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Wipon Дүниежүзілік банкі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірлесіп жүзеге асыратын технологияларды коммерцияландыру жобасы шеңберінде қолданылады. Сервис көлеңкелі экономикамен кешенді күрес жүргізуге арналған. Жақын арада Wipon дәрі-дәрмек, парфюмерия, тұрмыстық химия, азық-түлік және басқа да тұтыну тауарлары сияқты өнімдерді тексеру үшін қолжетімді болады. Wipon қосымшасы пайдаланушылар мен өндірушілер үшін тегін болып табылады.