Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы 8 млрд теңгесін басқарушы компанияларға берген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтары бірыңғай жинақтаушы зенйетақы қорындағы 8 млрд теңгеден астам қаражаттарын басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы  8 млрд теңгесін басқарушы компанияларға берген

Айта кетерлігі, бүгінде отандық нарықта бірнеше басқарушы компания жұмыс істейді. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректеріне сәйкес, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын мына компанияларға инвестициялаған:

«Halyk Global Markets» АҚ - 2 478 млн теңге;

«BCC Invest» АҚ - 1 425 млн теңге;

«Jusan Invest» АҚ - 3 952 млн теңге;

«Сентрас Секьюритиз» АҚ – 907 млн теңге.

Қорытындысында жалпы сомасы 8 млрд 762 млн теңге болатын 5 916 өтінім мақұлданған.

Басқарушы компаниялардың кірістілігі 3,5 пайыздан 7,5 пайызға дейін және одан да жоғары болады деп күтіледі.