Қазақстандықтар жағажай волейболынан Норвегияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында табысқа жете алмады

АЛМАТЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық спортшылар жағажай волейболынан Норвегияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында кеше өз тобында үшінші орын алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

   Ставангер қаласында өтіп жатқан бұл дүбірлі дода маусымның 26-сы күні жалауын көтерген болатын. Оған әлемдік рейтингте үздік 48-дің қатарына кірген командалар ғана қатысуда. Әлем чемпионатына биыл алғаш рет қатысқанына қарамастан қазақстандықтар іріктеу кезеңінде өз тобында 3-ші орын алды. Алғашқы екі кездесуде бразиялық Әлем чемпиондары мен испандық Еуропа чемпиондарына 2:0 есебімен есе жіберген Алексей Кулинич пен Александр Дьяченконың жұбы кеше  швейцариялықтармен кездесу өткізіп  3:1 есебімен (15:21, 28:26, 15:13) басым түсті. Әлемдік рейтингте 38-ші орын алатын олардың қарсыласы 4 саты жоғары тұр. Алайда, өз тобында 3-ші орын алғанмен Владимир Юдаков жаттықтыратын қазақстандық спортшылар  жалпы ұпай саны бойынша бұл чемпионатта жүлде үшін таласатын үздік 32 команданың қатарына қосыла алмады.

Соңғы жаңалықтар