Қазақстандықтар жаңа көлік сатып алуға жыл басынан 98 млрд теңге жұмсаған

«Жыл басынан бері ресми дилерлер 10 724 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 24,6 пайызға жоғары. Қаңтар-ақпан айларында қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 97,6 млрд теңге жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 20,5 пайызға артық болды», - делінген таратылған мәліметте.
Көлік сатып алушы 6 929 адам (64,6 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, биылғы екі айда сатылған 3 725 автомобиль (35,4 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр.
Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Hyundai (2138 көлік), Lada (2010), Toyota (1436), Ravon (1294) және KIA (1105) көш бастады.
Мұнымен қоса, жақсы өткізілген ТОР-10 құрамына Renault (501 көлік), Nissan (427), GAZ (349), Volkswagen (321) мен Lexus (211) енді.