Қазақстандықтар Жаңа жыл түнінде 37 миллион рет қоңырау шалды - Kcell
2015 жылдың алғашқы сағатында-ақ «Кселл» абоненттері мобильді интернет арқылы 4.5 мың GB жұмсаған. Бұл өткен жылдың қарсаңындағы көрсеткіштен 1.7 есе көп. Сонымен қатар 2015 жылдың алғашқы төрт сағатында тағы 19.5 мың GB жұмсалды. Ал қоңырау шалу көрсеткіші 2014 жыл қарсаңындағы көрсеткіш деңгейіндей болды. Алғашқы сағат барысында абоненттер 17.4 млн рет қоңырау шалып, өткен жылғы көрсеткіштен 200 мыңға артық болды. Сағат 0.00-дан 4.00-ге дейін 37 миллион рет қоңырау шалынды», - делінген компанияның ресми сайтында.
Қоңырау шалу бойынша абоненттердің белсенділігі орташа статистикалық белсенділіктен 56%-ға артқан. Ал SMS-хабарламасы қалыпты күндегі жіберілетін SMS көрсеткішінен 3 есе жиірек жіберілді. Ең қызығы, компания абоненттері тілектері жазылған SMS-ты алдын ала жібергенді жөн көреді. Яғни, 31 желтоқсан күні 20.00-ден 1 қаңтар күні 00.00-ге дейінгі уақыт аралығында 2.8 миллион SMS жіберген. Алғашқы сағат барысында 1.2 миллион қысқа SMS жіберілсе, тағы 2.8 миллионы таңғы сағат төртке дейін жіберілген. SMS-тың жету жылдамдығы 5 секундты құрады.
«Абоненттер жақындары мен туғандарына ізгі тілектерін білдірсін деген мақсатпен, күллі Қазақстан бойынша Жаңа жыл қарсаңындағы түнде компанияның 90 инженері жұмыс орындарында болып, дауыс және интернет қызметтерінің тұрақты орындалуын қамтамасыз етті», - делінген хабарламада.