Қазақстандықтар жол құрылысы мен оған кеткен қаржыны онлайн режімде бақылайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің директоры Салауат Муксимовтың айтуынша, қоғамдық бақылау шараларын сала-сала бойынша жүргізу көзделген. Осы орайда алдымен жол құрылысына басымдық берілмек. "Қазіргі кезде арнайы интерактивті карта әзірленіп жатыр. Ол арқылы жол құрылысын бес бағытта бақылауға болады. Олар - жолды қалпына келтіру, күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу, жолды күтіп ұстау және жолдың бойындағы қызметтер. Осылайша, кез келген азамат ғаламтордағы арнайы парақшада жол құрылысын әрбір метріне дейін қадағалай алады. Бұдан бөлек, мердігер туралы ақпарат, бюджеттен бөлінген ақша, жолдың теxникалық талаптары және тағы басқа мәліметтерді көруге мүмкіндік болады" , - деді С.Муксимов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Департамент басшысының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде "ҚазАвтоЖол" АҚ-сымен бірге тиісті жұмыстар аяқталып жатыр. Интерактивті карта осы жылдың екінші тоқсанында іске қосылады деген жоспар бар.
Айта кетейік, агенттік мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бақылау шараларын да бірнеше бағытта жүргізіп келеді.
Фото: 163gorod.ru