Қазақстандықтарды АҚШ-та тегін демалу қызықтырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Яндекс сарапшылары Қазақстан тұрғындары 2018 жылдың маусым-шілде айларында саяхаттау және демалу үшін қандай сұрақтарды жиі қойғандығын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сұраулы сөздері (не, қайда, қанша және т.б.) және «демалыс», «сапар», «теңіз», «саяхат» сөздерін қолдана отырып қойылған сауалдар ескерілген.
Жазғы демалысқа қатысты қазақстандықтардың 5 үздік сұрақтарына мыналар кіреді: «Қайда демалуға баруға болады?», «Ақтаудағы Каспий теңізі суы қанша градус?», «Теңізге өзіңмен бірге не алып бару қажет?», «Түркияның қай жерінде демалған жақсы?», «Қырғызстандағы Ыстықкөлде қай уақытта демалған жақсы?».
Қазақстандықтардың саяхаттауға ең жоғары сұұранысы шілде айында тіркелген. Осы айда «демалыс» сөзі қолданылған сауалдар ең көп тіркелген. Ал қазақстандықтарды қазан айында сапарлар онша қызықтырмайтындығы анықталған.
Кейбір азаматтар Интернеттен нақты кеңестер де іздейді: АҚШ-та тегін қалай демалуға болады, БАӘ-ге сапар алдында қандай мәселелерді білген жөн, егер отбасында келіспеушілік болса демалыс орнын қалай дұрыс таңдаған жөн, теңізге демалуға барған кезде қалай әдемі суретке түсуге болады.
Қазақстандықтар арасында шетелде жазғы демалыс өтізуде танымалдыққа ие болған елдер мыналар: Түркия, Ресей, Мысыр, БАӘ, Қытай, Таиланд, Грузия, Қырғызстан, Германия және Грекия.
Демалыс орнын іздеу барысында қазақстандықтар нақты елді барлық уақытта көрсете бермейді. Мәселен, Сочи және Қара теңіз жайында сұрайды. Қытаймен қатар Хайнань аралына қызығушылық танытады. Қырғызстаннан бөлек Ыстықкөлді іздейді.
Ал егер Қазақстанның ғана шипажайларын ескерер болсақ, онда ең үздіктер қатарында Каспий теңізі, Алакөл мен Балқаш көлдері бар.
Қазақстандағы жазғы демалыс үшін жайлы 5 орын - Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Арал және Қапшағай су қоймасы.