Қазақстандықтарды «Әлем аруы» байқауында Әлия Мергембаева үшін дауыс беруге шақыруда
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының ресми аккаунтында «Әлем аруы-2016» байқауында өнер көрсетіп жатқан Әлия Мергембаева үшін дауыс беруге шақыруда. «Әлем аруы -2016» байқауының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Жерлесіміз Әлия Мергембаева үшін бірауыздан дауыс берейік!»-делінген онда.
Айта кетейік, «Қазақстан аруы -2015» байқауының жеңімпазы Әлия Мергембаева Ақтауда туған. «Әлем аруы-2016» байқауының сайтында Қазақстан өкілінің бейнетаныстырылымы қойылған.
Биылғы жылы әсемдік индустриясының ең басты оқиғаларының бірі Вашингтонда (АҚШ)18 желтоқсан күні басталды. Оған әдеттегідей түрлі елдердің әсемдік байқауларының жеңімпаздары қатысуда.
До финала "Мисс Мира 2016" осталось совсем немного. Давайте дружно проголосуем за нашу Алию Мергембаеву! #missworldkazakhstan2016 #missworldkazakhstan #missworld #missworld2016