Қазақстандықтарды Эбола безгегімен байланысты Африкаға сапарға шыққанда сақ болуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Африкада Эбола безгегі 660 адамның өмірін қиып кетті. Гвинея, Либерия және Сьерре-Леоне денсаулық сақтау министрліктерінің ақпараты бойынша індеттің тіркелуінің жаңа оқиғалары жалғасуда, деп хабарлады ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандықтарды Эбола безгегімен байланысты Африкаға сапарға шыққанда сақ болуға шақырды

«Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету мақсатында агенттік шетелдік сапарларды жоспарлауда ұсынылған ақпаратты ескеруді ұсынады», - делінген хабарламада.

Агенттік мәліметтері бойынша, қазіргі кезде Эбола безгегінің 1093 оқиғасы тіркелген, оның ішінде 660 адам өлім құшқан, олардың - 415 оқиғасы Гвинеяда болған, оның ішінде 314-і көз жұмды, Либерияда - 224 (127), Сьерра-Леонеде - 454 (219). Соңғы үш аптада Гвинеяда жаңа оқиғалардың азаюы тіркелген. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Гвинеяға, Либерияға немесе Сьерра-Леонеге сапарға немесе саудаға қатысты баруға қандай да бір шектеулер қоюды ұсынып отырған жоқ.

«Оңтүстікафрикалық елдерде болғанда және сапардан оралған бойда аурудың белгілері байқалса, шұғыл медициналық көмекке жүгіну қажет. Жағдай байқауға алынып отыр», - делінген хабарламада.

Эбола қанды безгегі ауыр вирустық жұқпалы індет. Ол сирек кездескенімен, өте қауіпті - клиникалық жағдайда пациенттің 50-90 пайызын өлімге ұшыратады. Инкубациялық кезеңі 2 күннен 21 күнге дейін созылады.