Қазақстандықтарды елге қайтару үшін репатриациялық рейстер жіберілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 7 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның басқа қалаларында әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстандықтарды елге қайтару үшін репатриациялық рейстер жіберілді

Алматыдан 13 қаңтардан бастап рейстер орындала бастады. Барлығы 7-12 қаңтар аралығында 178 халықаралық және 343 ішкі рейс орындалды.

Ыстанбұл, Анталия, Дубай, Шарджа, Киев, Мәскеу, Омбы, Новосібір, Санкт-Петербург, Франкфурт, Ташкент, Кутаисиден қалпына келтірілген халықаралық рейстермен және Мальдив аралдары, Пхукет, Коломбо, Анталия, Тбилиси, Баку және Гоадан репатриациялық рейстермен барлығы 7 855 жолаушы ұшып келді.