Қазақстандықтарды Интернеттің қымбатшылығы мазалауда

АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Неге Қазақстанда интернет қызметтерінің бағасы екі есе қымбат? Қарашаның 13-і күні тікелей эфир арқылы қазақстандықтардың сауалдарына жауап беретін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Бауыржан есімді азамат осындай сұрақ жолдады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның хабарлауынша, қазіргі кезде Қазақстанда интернет қызметінің бағасы тым қымбат болып тұр. «Мәселен, Мегалайн-хит қызметінің бағасы 4 мың теңге. Мен жүргізген зерттеулерге сәйкес бүгінде Украина елінде осы іспетті қызметтің бағасы екі есе арзан. Елбасы осы мәселеге баса назар аударса екен», дейді Бауыржан.

Сондай-ақ Ержан есімді азамат кейбір қалаларда казино сияқты ойын-сауық орындарының заңсыз ашылып, ашық түрде жұмыс істеп жатқандығын айтқан.

Соңғы жаңалықтар