Қазақстандықтардың 22,8 пайызының табысы күнкөріс мөлшерінен төмен

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елімізде табысы күнкөріс мөлшерінен төмен азаматтардың саны 22,8 пайызды құрайды.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісінде еліміздегі азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу мәселелерін талқылау барысында депутат Уәлихан Бишімбаев осылай мәлім етті.   

«Азық-түлікке бағаның күрт өсуі жағдайында табысы күнкөрістің ең төменгі мөлшерінен аз азаматтардың жағдайын да естен шығармауымыз керек. Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарасақ, елімізде орташа жан басына шаққандағы табысы күнкөрістің ең төменгі мөлшерінен аз азаматтардың саны 22,8 пайызды құрайды.  Бұдан бөлек, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санаттағылар да бар, олардың саны 2 млн. 750 мың адамды құрап отыр. Бұл санаттағылардың табысы да толық есептелмейді, олардың арасында байлар да күн көрісі қиын кедейлер де баршылық», - дейді У. Бишімбаев.

Соңғы жаңалықтар