Қазақстандықтардың 60 пайызы дәрігерге қаралуға уақыт таппайды

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының баспасөз хатшысы Назерке Ибраимова мәлімдеді.
None
None

«Қазақстан Республикасы тұрғындарының дәрілік заттарды қолдануын анықтау мақсатында биыл 10 тамыздан 3 қыркүйек аралығында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде белгілі болғандай, отандастарымыздың 50 пайызы антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдайтын болып шықты», - деді Н. Ибраимова.

Оның айтуынша, көбіне суық тию және тұмау кезінде, асқорыту бұзылған кезде, жөтел және басқа да тыныс алу жүйесі дертке шалдыққанда, сондай-ақ әртүрлі этиологиялық аурулар кезінде респонденттердің 70 пайызы дәрігердің тағайындауынсыз әртүрлі дәрілерді қабылдайды.

«Бұл ретте адамдардың 60 пайызы дәрігердің қабылдауына баруға уақыттың тапшылығын мысалға келтірсе, 14 пайызы өзін өзі емдеу мәселелеріне жеткілікті сауаттымыз деп есептейді», - дейді ол.  

Айта кету керек, сауалнаманы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы» мақаласында берілген халықтың дәрілік сауаттылығын арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген. Оған еліміздің барлық облыстарынан 1623 адам қатысты.

Соңғы жаңалықтар