Қазақстандықтардың 64 пайызы интернетті смартфон арқылы пайдаланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың 64 пайызы интернетті смартфон арқылы пайдаланады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазақстандықтардың 64 пайызы смартфондары арқылы интернетті пайдаланады. Сондықтан да біз электронды үкіметтің mGov мобильді қосымшасын дамытуға ерекше назар аударып отырмыз», - деді министр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда mGov арқылы 87 қызмет пен сервисті ғана пайдалануға мүмкіндік бар. Сол себепті министрлік мобильді және веб-версиялардың қатар дамуына көңіл бөлуде.

«Бұл қосымшаны қазір 1,3 миллион азамат пайдаланып отыр. 2018 жылдың өзінде m-Gov арқылы 3,6 млн қызмет көрсетілген», - деді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар