Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс

«Үкімет, мемлекеттік органдардың,  компаниялардың бірінші басшылары жұмысқа деген әдістерін өзгертулері тиіс. Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс. Жалпы Ішкі жалпы өнім, инфляция, барлық  макроэкономикалық көрсеткіштер өздігінен-ақ цифрлар. Бұл цифрларға қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін қол жеткіземіз. Барлық әкімдер мен министрлерге мұны барлық уақытта есте сақтап, бастарында ұстауларын өтінемін», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы дәл осы параметрлермен барлық деңгейдегі бүкіл басшылардың қызметтеріне сәйкестігінің дербес   жауапкершілігі бағаланатындығын баса айтты.

«Қазақстандықтардың әл-ауқаты бірінші кезекте тұрақты табыс пен сапалы өмірлеріне байланысты. Адамның өзі еңбексүйгіш болған кезде табысы да арта түседі. Мен мұны үнемі айтып келемін», - деп ескертті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, адамға жұмыс орнын ұсыну емес, біліктілік мәселе  болып отыр. Біліктілік болмаса  онда экономикамыздың түрлі салаларында мамандық та болмайды.