Қазақстандықтардың басым бөлігі өз өңірлеріндегі емханаларда емделгенді жөн көреді
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш жүйе жұмыс істей бастаған сегіз айда еліміздегі науқастардың емханаларды немесе дәріханаларды таңдау құқығы қамтамасыз етіліп отыр. Дейтұрғанмен, науқастардың шамамен 90 пайызға жуығы өздері тұрған өңірлерде емделгенді жөн көреді. Қалғандары Астанадағы, Алматыдағы және Қарағанды облысындағы емханаларды таңдаған.
С. Қайырбекова науқастар негізінен өздері тұратын жерге жақын ірі қалаларда емделгенді қалайтындарын атап көрсетті. Мәселен, Ақмола облысына жақын орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының тұрғындары көбінесе Көкшетаудағы емханаларға барып емделгенді қалайды. Себебі, бұл халыққа өте ыңғайлы. «Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мынаны айтуға болады: Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қағидаттары, соның ішінде ұсынылатын медициналық қызметтердің ашықтығы және емделетін орынды таңдау еркіндігі сақталып отыр. Бүгінде аталмыш жүйе аясында пациенттер емделетін емхананы өздері таңдай алады», деді ол.