Қазақстандықтардың бірлігі – кез-келген ауыртпалықтан алып шығады - Дариға Назарбаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚАзАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтардың бірлігі – кез-келген ауыртпалықтан алып шығады - Дариға Назарбаева

«Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мемлекеттілігіміздің беріктігінің тірегі - достық пен өзара түсіністіктің, келісімнің мерекесі.

Біздің тағдырымыз да, жеріміз де бір, біздің ортақ Отанымыз - Қазақстан. Халқымыздың барлық арман-тілектері бір. Қазақстан ұлттардың, тілдердің, діндердің көптігімен қуатты.

Қазақстандықтардың бірлігі мен отансүйгіштігі - кез-келген ауыртпалықтан алып шығады, індетті де жеңеді.

Еліміздегі әрбір шаңыраққа амандық, зор денсаулық, бақыт пен береке, сүйіспеншілік тілеймін!», - деді Дариға Назарбаева.